Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық құтқарушылар үйлесімді жұмыс көрсетті

Қызылордалық құтқарушылар үйлесімді жұмыс көрсетті

16 сағат 55 минутта Қызылордада диспетчерлік қызметтің «101» нөміріне Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кезекшісінен өрт туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің айтуынша, өрт үшінші қабаттың жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кабинетте болды. Алғашқы өрт есебі келгенге дейін колледж әкімшілігі 25 оқытушы мен 150 студентті эвакуациялады. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, әрбір кабинетті мұқият тексерді. Өрт автосаты мен үш буынды саты арқылы зардап шеккен 10 адамды жедел құтқару іс-қимылдарын жүргізді. Сондай-ақ құтқару арқандары арқылы өзін-өзі құтқару әрекеттері көрсетілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 57 қызметкер және 9 техника жұмылдырылды. Өзара әрекет жоспары бойынша қаланың арнайы және авариялық қызметтері, жергілікті полициядан 8 қызметкер және 3 техника, Оңтүстік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағынан 11 құтқарушы және 2 техника, Апаттар медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника, жедел жәрдем бригадасы, қалалық электр жүйесі авариялық қызметі және авариялық газ қызметі қатысты.
Бұл Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж ғимаратында өткізілген өрт-тактикалық жаттығуы еді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт болған жағдайдағы басшылық пен колледж студенттерінің жаттығу іс-әрекеттерін пысықтау. Ғимараттың үстіңгі қабатындағы зардап шегушілерді құтқару және өртті жою мен қиын жағдайдағы авариялар бойынша меңгеру әрекеттерін нақтылау.
Қорытындылай келе, Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов жаттығу барысында бөлімшелердің жеке құрамының меңгеру әрекетіне ерекше назар аударылғандығын айтты. Жаттығу барысында құтқарушылар өздерінің дағдыларын пысықтады, оқу орынның әкімшілігі мен студенттері өрт қаупі кезінде өздерінің дұрыс әрекет етуін нақтылады.

27 ақпан 2019 ж. 1 023 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области