Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Таңғы сағат алтыдан бастап Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды

Таңғы сағат алтыдан бастап Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды

Kyzylorda-news.kz. Таңертеңгі сағат алтыдан бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арыс қаласының балалары демалу үшін Павлодарға келді Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Мәселен, орталық мешіттен 15-ке тарта қоғамдық көлікпен 400-ден аса мініп кетті. Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын. Сондай-ақ, Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.
«Ол азаматтарды Арысқа барғаннан кейін жауапты қызметкерлер күтіп алуда. Оған арнайы бекітілген қызметкерлер бар. Оларды өздерінің қоныстарына жайғастырып жатыр. Бірінші кезекті тамақ мәселесі шешілген. Содан кейін үйі қирап қалған азаматтарға уақытша тұру мәселесі де шешіліп жатыр. Ол үшін барлық қала-аудан әкімдері кварталға бөлінген. Осы тәртіп бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков.

28 маусым 2019 ж. 376 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области