Қызылордадағы қоғамдық көліктерде жалған билет тарауда
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде жалған жолақы билеттерін ұсыну көптеп орын алуда, деп хабарлайды «Қызылорда» автобус паркі.
«12-15 мамыр аралығында «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС ревизорлары мен кондукторлары қалаішілік бағыттарда 4 жалған жолақы билетін қолдану фактісін анықтаған. Жалған билеттерді қолдану бойынша жинақталған құжаттар Қызылорда қаласының полиция басқармасына процессуалды шешім қабылдау үшін жолданды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, жалған билеттерді жасау және оларды қолданғандығы үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.