Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭКС-ДЕПУТАТ ЗОРЛАДЫ ДЕП ШАҒЫМДАНҒАН БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЗІ СОТТАЛЫП КЕТТІ

ЭКС-ДЕПУТАТ ЗОРЛАДЫ ДЕП ШАҒЫМДАНҒАН БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЗІ СОТТАЛЫП КЕТТІ

Өскеменнің бұрынғы депутаты зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен үш жылға сотталды деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бойжеткенмен бірге тұрған азамат жалған шағымды ұйымдастырғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
"Ойластырылған жалған шағым ел алдында масқаралауға жатады. Осыған байланысты зерттеу арыздың келіп түскеніне қарамастан жүре береді", - деді судья Назгүл Рахметтуллина.
Еске салайық, Елена Иванова өзінің бастығы, бұрынғы депутат Ержан Скаковқа зорлады деп айып таққан болатын. Кейін Скаков ақталғанымен, зорлау дерегі дәлелденбеген еді. Бұдан кейін Елена мен оған көмектескен Скаковтың туысы Оразбек Қатпановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жалған айып таққаны үшін, ал Оразбек сол жалған шағымды ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Іс Шемонаих аудандық сотында қарастырылды. Иванова мен Қатпанов кінәлі деп танылып, екеуі де бас бостандықтарынан айырылыпты. Бұл туралы ШҚО облыстық соты да мәлімдеген еді.

26 шілде 2018 ж. 623 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области