ІРІ КӨЛЕМДЕ МАРИХУАНА САҚТАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша сотта анықталғандай, ол заңсыз түрде аса ірі көлемге жататын таза салмағы 3408 грамм есірткі затын, яғни «кептірілген марихуананы» иемденіп, оны өзінің сарайында сақтаған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.