Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, тек оңтүстік-шығыста және шығысыңда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Қарағанда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-25 м/с жетеді.
Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, күндіз Павлодар, Маңғыстау, батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қостанай облысының кей жерлерінде, Алматы, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.