Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде

Қызылордалық полицейлер мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Бұл тарапта Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Кез-келген мемлекеттің дамып, өсіп-өркендеуі үшін ішкі тұрақтылық, заңдылық бұлжымай сақталуы тиіс. Заң талаптары мен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері даму болады. Бұл - өмірдің өзі дәлелдеген, талас тудырмайтын ақиқат.
Демек, ішкі істер органдарындағы қызмет оңай емес, толықтай өзін арнауды қажет етеді. Осынау күрделі жұмысты өздеріне жауапкершілік етіп алған полицей қызметкерлері барлық мемлекеттік органдармен, бағынысты басқармалар және мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізуде. Біз қол жеткізген жетістік, орталық аппарат қызметкерлері өзіне тиесілі құжаттарды өз бетімен мемлекеттік тілге аударады немесе мемлекеттік тілде дайындайды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қалалық Полиция басқармасының дерегінше жеке құрам арасында өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілін жақсы меңгерген.
Полиция басқармасы бойынша мемлекеттік тілді дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар қоғамның талап-тілегін уақытында өтеуге қызмет етуде жетістіктері көрініп келеді.
02 шілде 2019 ж. 403 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области