Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлер бірыңғай мектеп формасын ұсынды

Кәсіпкерлер бірыңғай мектеп формасын ұсынды

Оқу жылы қарсаңында балалардың бір ғана мектеп формасын дайындау ата-аналар үшін қиынға соғады. Нарықта бір балаға мектеп формасын әперу 20000 теңгеден асады. Бұдан да қымбаттары болады. Бұл мәселеге Сыр өңірінің жеңіл өнеркәсібін дамытуды мақсат еткен бір топ кәсіпкерлер білек сыбана кірісіпті, деп хабарлайды Aqmeshit-zhastary.kz.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, олар «Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының халықтық қауымдастығын» құрды. Бүгінде 19 тігін цехы бар кәсіпкерлер мүше болған қауымдастықтың төрағасы «Dalatex» тігін фабрикасының директоры Ділмұхамед Абизов.
Кәсіпкерлер бастауыш сыныпқа арналған бірыңғай мектеп формасын тігу туралы жобасын бұған дейін облыс әкімдігіне ұсынып, киім үлгісін облыстық білім басқармасы да қолдаған екен. Қала мектептеріне таныстырылып, қазіргі таңда 33 мектеп 2019-2020 оқу жылында 1-сыныптарға енгізуге келіскен. Бүгін қала мектептерінің 1 сынып оқушыларына арналған мектеп формасын журналистер мен ата-аналарға таныстырды. «Dalatex» тігін фабрикасының шеберлері "Qobyz" деген атпен бірыңғай мектеп формасын өлшеп, пішіп тігін цехтарына таратуда. Қаламыздағы 16 тігін цехі тігіп шығуды өз жауапкершіліктеріне алған. Мысалы кәсіпкер Динара Шакирова «ШакДи» ательесін ашып бірнеше жылдан бері халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Жоба туралы естіп, әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуде.
«Қазір 300 мектеп формасын тігуді мойнымызға алдық. «ДалаТех» тігін фабрикасы тігін өндірісіне қажетті жоғары технологиямен жабдықталған. Фабрикамен бірлесіп жұмыс жасау біздің тігіншілерге өте қолайлы. Бірдей өлшемде пішілген дайын матаны алып тігуге кірістік. Сапалы киімдерге сұраныс артуда», − дейді ол.
Бұл жобаға зағип жандар да өз үлестерін қосып жатыр. «Саңыраулар оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры Орынкүл Оразбаева есту және сөйлеу қабілеті төмен қыз-келіншектерді маңына жинап, халыққа қызмет етіп жүр.
«Бүгінде біздің тігін цехымызда 20 тігінші жұмыс істейді. Бұған дейін ірі көлемді тапсырыс алу қиын болатын. Бұл жобаға қатысу бізге мол мүмкіндік. Жұмысымыз үзілмейді, айлық та тұрақты болады. Бірыңғай мектеп формасын тігудеміз. Ұйымдастырушылардың талабына сай сапалы тігіп, өткізіп жатырмыз. Ауқымды жобаға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз», - дейді Орынкүл Оразбаева.
Ательелер мен тігін цехтары тіккен киімдерді «ДалаТех» тігін фабрикасында технолог Гүлайна Өтепова киімнің әрбір тігісін тексеріп, қабылдап алады. Матасы Түркия және Тайвань елінен жеткізілуде. Мұнан соң дайын мектеп формалары 10000 теңгеден сатылымға шығарылады. Айта кету керек, әкімдік тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлер әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға жеңілдіктер қарастырады. Ол үшін мектеп директорлары тізім береді.
«Бірыңғай мектеп формасын тігу көптен бері ойымызда жүрген. Әкімдік қолдап, алғашқы жұмысты бастадық. Бұл жабадағы басты мақсатымыз оқушыларға сапалы бірыңғай киім ұсыну әрі тұрғындарды жұмыспен қамту», - дейді Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының халықтық Қауымдастығының» төрағасы Ділмұхамед Абизов.
Тігін фабрикасындағы қызу жұмыспен танысып, сапалы әрі қол жетімді бағада ұсынылып жатқан мектеп формасын көріп келдік. Бұған дейін тапсырысы болмай тұралап қалған тігін цехтары да қосымша адам алып іске кірісіпті. Киіммен танысқан ата-аналар да қуанып алып жатыр. Қауымдастық мүшелері қаланы түгел мектеп формасымен қамтуға әзір. Тек отандық өнімді қолдайтын мектеп басшылары мен ата-аналар болса болғаны.

05 шілде 2019 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области