Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «DALATEX» 185 ОҚУШЫҒА ТЕГІН КӨЙЛЕК ТІГІП БЕРДІ

«DALATEX» 185 ОҚУШЫҒА ТЕГІН КӨЙЛЕК ТІГІП БЕРДІ


    Елбасының мақаласынан кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Атамекенім» акциясына қызылордалық кәсіпкерлер де үн қосуда.
    Кәсіпкерлер палатасына аймақ тұрғындарынан қайырымдылық көмек көрсету жөнінде көптеген хаттар түседі. Палата кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым. Дегенмен, мұндай өтініштерге қатысты мүмкіндігіне қарай көмектесуге тырысады.
    Осындай өтініштердің бірі жақында қаладағы № 144 мектептен түсті. Мектеп басшылығының айтуынша білім беру ұйымында 200-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды екен. Мектеп басшылығы осы балаларға қандай болса да көмек көрсетілуін сұраған екен. Өтінішке қаламыздағы "DALATEX" ЖШС-нің басшысы Ділмұхамед Абизов көмек көрсетуге әзір екендігін білдіріп, аталмыш мектеп оқушыларына 185 қыз және ер балаларға арналған арнайы жейделер тігіп берді.
    Компанияның менеджері Гүлмира Рамазанқызының айтуынша «Dalatex» ЖШС құрылғанына 2 жылдай уақыт болса да қайырымдылық шараларына белсенді қатысып келеді.
    - Компания басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қайырымдылық шараларына белсенді қатысады. Соның ішінде осы №144 мектепке арналған шарада көмек ретінде 185 балаға жейделерді әкеліп отырмыз, - дейді  компания  менеджері.
    Айта кетейік, «DALATEX» ЖШС Сыр өңірінде ерлер жейдесін тігумен айналысатын отандық компания. Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таңда фабрикада күніне 500 көйлек тігіледі. Онда  40 жұмысшы еңбек етеді. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып отыр, делінген Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарламасында.  

22 қаңтар 2018 ж. 734 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области