ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Арал ауданында «Сыр жомарты» қайырымдылық шарасы аясында мемлекет қамқорлығындағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты қайырымдылық концерті өткізілді.
Аталмыш шара шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев ашып, барша шараға қатысушыларды ел тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесімен құттықтады.
Шарада ел ағалары, мекеме басшылары мен білім саласының қызметкерлері қаржылай көмек көрсетіп, қайырымға мұқтаж жандарды қолдаусыз қалдырмайтынын көрсетті.