Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде электронды цифрлық қолтаңба алынып тасталады

Елімізде электронды цифрлық қолтаңба алынып тасталады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба алынып тасталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл процесс электронды қызмет көрсету саласының дамуын тежейді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Үкіметте өткен брифингте осылай деді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 проценті электронды форматқа көшіріледі. Ал, оларды қолдануды жеңілдету үшін бір реттік смс не болмаса бірыңғай сәйкестендіру нөмірін енгізу жоспарланып отыр. Агенттік басшысының сөзінше, бұл тәжірибені Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мемлекеттер сәтті қолданып отырған көрінеді. Бұдан бөлек Анар Жайылғанова Мемлекет басшысы атаған «Президенттік кадрлық резерв» жайлы да айтып берді.
«Президенттің жас басқарушылар резервін құрудан біз қандай нәтиже күтеміз? Біріншіден, мемлекеттік міндеттерді шешуге жаңа жас менеджерлердің әлеуетін пайдаланып, біз мемлекеттік аппарат жұмысын сапалы түрде жаңа деңгейге көтере аламыз. Екіншіден, резерв жастар үшін әлеуметтік жеделсаты. Резерв құрамын іріктеу тәртібін біз қазір қарап жатырмыз. Бірнеше нұсқа дайындалуда. Оны жан-жақты ойластырып жатырмыз», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

05 шілде 2019 ж. 364 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области