Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін Эльмира Суханбердиеваның соты басталады

Бүгін Эльмира Суханбердиеваның соты басталады

Kyzylorda-news.kz. Маусымның басында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева да тұтқындалған болатын.
Оған «қызметін асыра пайдалану», «пара алу» «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу» баптары бойынша айып тағылып отыр. Экс-вице-министр 9 шілдеден, яғни бүгіннен бастап сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Astanatv.kz.

Айта кететіні, ол айып тағушы жақпен процессуалды келісімге келген. Іске қатысты Нұр-Сұлтандағы №3 мектеп-гимназияның директоры Елена Шеверняева да тергеліп жатыр. Бұл туралы "Сот кабинеті" жүйесінде жазылып тұр. Мектеп директоры мен министр орынбасарын не байланыстырғаны сотта белгілі болады. Тағы бір тоқтала кететін деталь - 2017 оны "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендияны тест тапсырмай алып, АҚШ-тың Беркли университетінде бюджеттің қыруар қаржысына оқып келді деп айыптаған материалдар шыққан.
Дегенмен Эльмира ханым барлық сынақты тапсырып барғанын айтып ақталған. Бұл жолы іс насырға шапты. Сот үкімін күтеміз.

09 шілде 2019 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области