Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырдан ғаламды зерттеуге арналған обсерватория ұшырылады

Байқоңырдан ғаламды зерттеуге арналған обсерватория ұшырылады

Kyzylorda-news.kz. 9 шілдеде «Протон-М» зымырантасығышы «Спектр-РГ» ресейлік обсерваториясымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «Спектр-РГ» обсерваториясын ұшыру 21 маусымнан 12 шілдеге қалдырылған болатын. Өйткені, дайындықтың соңғы сатысында бір реттік химиялық ток көздерінің бірінің іске қосу циклограммасынан ақау табылған еді.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, зымыранды ұшыруға дайындау кезінде циклограммадағы қателіктен ғарыш аппаратының қыздырғышы уақытынан бұрын қосылып, салдарынан химиялық ток көзі «отырып қалған». Ток көзі бір рет қана пайдалануға жарайтындықтан, оны алмастыру үшін зымыранды монтаждау-сынақ корпусына қайтаруға тура келді. Байқоңыр ғарыш айлағында мамандар обсерваторияның сапарын кейінге қалдыруға себеп болған барлық ақауды жойды. Одан бөлек, циклограмма да түзетілген.
«Протон-М» зымырантасығышы 12 шілде күні, жергілікті уақытпен сағат 17:31-де ұшырылады деп жоспарланып отыр.
«Спектр-Рентген-Гамма» («Спектр-РГ») обсерваториясы - Ресей мен Германия бірігіп іске асырып отырған халықаралық жоба. Оның мақсаты - ғаламды рентген диапазонында зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерватория құру.
10 шілде 2019 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области