Қызылордада атқа міну мәдениеті насихатталды

Мақсат жас жеткіншектерге атқа міну, атқа отыру мәдениет кеңінен түсіндіру. Танымдық шараны облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және облыстық спорт басқармасы бірігіп ұйымдастырды.
Шара барысында жастар ат әбзелдерімен танысып, оның орналасу реттілігін тамашалады. Артынша сайгүліктің құлағында ойнайтын шабандоздардың ойындарын тамашалады. Бірі ат үстінде садақ тартып, нысанаға дөп тигізсе, енді бірі жылқы үстінде жұлмаласа күресіп, аударыспақ ойынын көрсетті. Сондай-ақ лагерь тынығушылары жылқы жануарымен жақын танысып, атқа міну әдебін ұғынды.
Ұлттық ойынды ұлықтаған шара соңында «Рухани жаңғыру» орталығы өкілдері ұйымдастырушыларды алғыс хатпен марапаттады.


