Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды

Қызылордада «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Жастар жылы аясында жаңадан ашылған Жастар ресурстық орталығы базасында «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды.

Салтанатты шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова мен қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қатысып, қаладағы жастар ұйымдарының басын біріктіретін ұйымның жұмысына сәттілік тіледі.
«Nur Otan» елдің, халықтың партиясы. Партияның әрбір мүшесі халықпен бірге болып, олардың мұң-мұхтажын шешуге, билікке жеткізуге жұмыс жасау керек. Осы орайда партия мүшелерінің белсенділігін арттыруға, азаматтармен және әр адаммен жеке диалог орнату жұмысын жандандыруды көздеп отырмыз. Бұл бастауыш ұйым болашақта жастарымызға партия тарапынан қолдау көрсететін орталыққа айналып, олардың саяси лидерлерге айналуына септігін тигізетін болады деп ойлаймыз және мұндай ұйымдарды мүмкіндігіне қарай аудан орталықтарынан да ашу жоспарлануда»,- деді Ақмарал Әлназарова.
Жастармен болған шарада партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру бойынша облыстық партия филиалы тарыпанан қолға алынған жұмыстарды да атап өтті.
«Қазір бастауыш партия ұйымдарын оңтайландыру (оптимизация) бойынша облыстағы шағын ұйымдар біріктіріліп, ірі бастауыш ұйымдар жасақталуда. Бұрын облыста 272 бастауыш ұйым болса, қазір 252 бастауыш ұйымға қысқарды. Қажеттілігіне байланысты кейбір бастауыш партия ұйымдары жетекшілігіне белсенді партия мүшелері сайланып жатыр. партиялық жарнапұлдан түскен қаражаттың 20 пайызын бастауыш ұйымдарға қайтару есебінен бастауыш партия ұйымдарының базасын нығайтуға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділерін «Nur Otan» партиясының облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі Саяси кеңестері мен Саяси кеңес Бюролары құрамына енгізу, оларды партиялық кадр резервіне қатыстыру жұмыстары да қолға алынуда. Осылайша бастауыш партия ұйымдары жетекшілері мен белсенділерін саяси жұмыстар мен шараларға көптеп қатыстыру арқылы олардың жергілікті проблемаларды шешуге араласуы мен олардың қызу жұмыстың орталықтарына айналуын көздеп отырмыз», - деді Ақмарал Әлназарова.
Жиын барысында Ақмарал Әлназарова сайлау науқанына белсенді қатысқан жастарды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының алғыс хаттарымен марапаттап, жастар өкілдерінің жалпы дауысымен «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы етіп Асқар Құрмашты сайлады.

10 шілде 2019 ж. 536 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области