Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Казтеміртранс» республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

«Казтеміртранс» республикалық байқаудың жеңімпазы атанды


Бастауыш партия ұйымдары арасында өткен «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл байқаудың қорытындысы Елордамыз Астана төрінде өткен бастауыш партия ұйымдарының алғашқы республикалық форумы аясында анықталып, үздік деп танылған партияның бастауыш ұйымдары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Бірнеше жылдан дәстүрге айналған байқаудың республикалық кезеңіне бұл жолы Сыр өңірінен аймақтық кезеңде жеңімпаз болып танылған Қызылорда облыстық партия филиалына қарасты I - санат бойынша - «Теміржол» филиалынан «Казтеміртранс» бастауыш партия ұйымы, II - санат бойынша - Шиелі аудандық филиалынан «Семізбай-U» бастауыш партия ұйымы және III - санат бойынша - Арал аудандық филиалынан «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымдары қатысқан болатын. 50 ден астам бастауыш партия ұйымдары сынға түскен байқауда Орталық байқау комиссиясының шешімімен 500-ден астам мүшелері бар «Теміржол» партия филиалынан «Казтеміртранс» бастауыш партия ұйымы жүлделі I –орынды иемденді.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен өтетін дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты тек қана үздік ұйымды анықтау емес, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру, олардың жұмыс тәжірибесімен бөлісу, оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар БПҰ өкілдерін партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну үшін білікті және белсенді ұйым мүшелерін анықтап, кадрлық резерв қалыптастыру.
Жалпы айта кетеу керек. Партияның негізгі күші бастауыш партия ұйымдары болғандықтан, Қызылорда облыстық партия филиалына қарасты 272 бастауыш ұйымдарының өңірімізде партия жұмысын жетілдіруге, беделінің артуына, партияның жетекші бағыттары мен стратегиялық басымдықтарын жұртшылық арасында кең насихаттауға қосып жүрген үлестері ерекше және ондағы партия мүшелерінің еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуі партиямыз үшін үлкен жетістік.
Сондықтан бүгінгі жеңімпаз «Казтеміртранс» бастауыш партия ұйымын ортақ қуанышпен құттықтап облыстық партия филаилы ұжымы атынан шынайы лебізімізді білдіреміз.                                                                                                                                


16 қараша 2018 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области