Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Эльмира Суxанбердиева өзі отырмаған түрме жайлы кітап жазбақ

Эльмира Суxанбердиева өзі отырмаған түрме жайлы кітап жазбақ

Kyzylorda-news.kz. 6 жарым миллион теңге айыппұлмен түрмеден құтылған Білім және ғылым вице-министрі тергеу изоляторында өткізген күндері туралы кітап жазбақ. Тіпті туындыны жарыққа шығаруға отандық қана емес, шетелдік баспаханалар да таласып жатыр екен. Шығарманың мазмұнын ашып айтпаса да бүгін Эльмира Суханбердиева қызмет бабын неліктен асыра пайдаланғанын түсіндірді, деп хабарлайды ktk.kz.

Сөзіне сенсек, аз қамтылған отбасылардың балаларына қымбат планшеттер пен телефон алып бергені үшін ғана айыпты екен.
«Мен қызмет бабын асыра пайдаланды дегенді мойындадым. 1 маусым балаларды қорғау күні 41 бала министрлікке келсе бір кітаппен кетпесін деп енді сөйлестік. Айттық. Бірақ мемлекеттен бір тиын алынған жоқ», - деді Эльмира Суханбердиева.
Суханбердиева сол планшеттер мен ұялы телефонды министрлікпен тығыз жұмыс істейтін баспахана қожайындарына алдыртқан. Бірақ кәсіпкерлер жәбірленуші болудан жаппай бас тартыпты. Қызмет бабын асыра пайдаланудан бөлек вице-министр заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Яғни елордадағы №3-ші мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняевамен бірігіп мемлекеттік мектептің ішінен заңсыз жеке меншік гимназия ашып, ақылы түрде бала оқытып келген. Судья вице-министрдің құрбысына 1 миллион теңге айыппұл салып оны да бостандыққа жіберді. Тергеу кезінде шенеуніктен пара алу бабы алынып тасталған. Ал 34 күн изоляторда жатып бүгін 6 миллион теңге айыппұлмен сот залынан босап шыққан Суханбердиева бұдан-былай өмір бойы мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Енді бизнес немесе ұстаздықпен айналысамын деген ол тәркіленген планшеттер мен ұялы телефондарды аз қамтылған отбасылардың балаларына қалайда беремін деп отыр. Тәркіленген гаджеттерді қайтару үшін тіпті Жоғарғы сотқа да шағымданбақшы.
«Балалармен сөйлескенде олар арманымыз ұялы телефон деді. Біреуі үш қарындасын оттан алып шықан бала. Біреуі екі жасар бауырын құдықтан алып шықты. Сол балаларды қуантқымыз келді. Соңында не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер», - дейді Эльмира Суханбердиева.

11 шілде 2019 ж. 313 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области