Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 шілде: Атаулы күндер

13 шілде: Атаулы күндер

1922 жылы Қазақ атқару комитетінің III сессиясында Прокурорлық қадағалау және адвокатура туралы ережелер қабылданып, РСФСР Қылмыстық кодексінің қалың малға, мал ұрлығына тыйым салуға, адам етін жеуді аяусыз жазалауға қатысты IX бөліміне толықтырылулар енгізілді.

1995 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы жарық көріп, сәулетші Ш.Уәлиханов басқаратын авторлар тобы әзірлеген жоба мақұлданды.

2001 жылы Алматыда Орта Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігі тіркелді.

2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай демалыс аймағындағы «Көкшетау» саябақ-қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты.

2007 жылы Қарағандының бұрынғы Наркомхоз ғимаратына Қазақ КСР еңбек сіңірген шахтері, мемлекет қайраткері Файзолла Серғазинге арналған мемориалдық тақта орнатылды.

2007 жылы Тараздың облыстық ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды.

2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше-мемлекеттерде инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2009 жылы ҚР елшілігі Венгриядағы халықаралық Шығыс халықтары фестивалінің құрметті төрағасы болды.

2015 жылы
Алматыда Қазақ тағамтану академиясының денсаулыққа пайдалы тағамдарының таныстырылымы өтті. Олар бие сүтінен жасалған және оның құрамында трансизомерлік май қышқылы жоқ.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ интернет-дүкендерден пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын API модуль жасап шығарды. Оның көмегімен интернет-дүкендердің клиенттері тауардың үйге, бөлімшеге немесе постаматқа дейінгі жеткізу әдісін таңдап, бағасын есептей алады. Интернет-дүкеннен тауарды сатып алу кезінде, клиент керекті мекенжайын жазған соң модуль автоматты түрде әртүрлі жеткізу әдістері мен тарифтерін көрсетеді.

2018 жылы Қамбаш көлінде Арал өңірі балықшыларының ІV слеті өтті.

2018 жылы Жаңақорған ауданындағы «Жиделі» шаруа қожалығы Ресейге 30 тонна қауын-қарбыз жөнелтті.
13 шілде 2019 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области