Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады

Бүгін Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 15 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

15 шілде 2019 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области