Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұмыссыздықпен күресу үшін жыл сайын 350 мың жұмыс орнын ашу керек – Бердібек Сапарбаев

Жұмыссыздықпен күресу үшін жыл сайын 350 мың жұмыс орнын ашу керек – Бердібек Сапарбаев

Kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына «Еңбек» бағдарламасының тиімділігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдарлама аясында 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 1 млн жұмыс орны ашылды, оның 800 мыңы – тұрақты. Теңгерімді сақтау мақсатында біз бағдарламаны 2025 жылға дейін әзірледік. Қанша қызметкер кетеді, қаншауы келеді? Шамамен 350 мың жұмыс орнын жыл сайын ашуымыз керек. Осылайша, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан 4,5 пайызға төмендетеміз», - деді министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев әлеуметтік жұмыспен қамту агенттігі мен электронды келісімдердің енгізілгенін атап өтті.
«Ең алдымен түлектерді оқытып, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру қажет. Кейбір кемшіліктерге қарамастан, бағдарламаның жаңа жұмыс орындарын ашудағы рөлі үлкен», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
15 шілде 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области