Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 5,3 млрд теңге аударды

Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 5,3 млрд теңге аударды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 273,3 млн теңгеге жетті.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев айтты.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 5,3 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйесі – іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға және жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,2 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 170,8 млн теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
15 шілде 2019 ж. 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области