Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бақытты отбасы»: 2% ипотека қанша адамға беріледі

«Бақытты отбасы»: 2% ипотека қанша адамға беріледі

Kyzylorda-news.kz. Барлық баспана бағдарламаларын біріктіріп, бірыңғай түсінікті тұрғын үй саясатына айналдыру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екінші жартыжылдықта жоспарлық көрсеткішті (баспана салу бойынша – ред.) қуып жетесіздер деп үміттенемін. Жалпы үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ баспана қолжетімдігі мәселесі соңына дейін шешілмеді. 2012 жылы кезекте тұрғандар саны 487,8 мыңға дейін 2 еседен астам көбейген. Кезек үнемі өсіп келеді. Сондықтан, ҚР Тұңғыш Президенті 2% баспана қарызы механизмі бар «Бақытты отбасы» бағдарламасын ұсынды. Бұл жақсы бағдарлама, бірнеше айдан бері жұмыс істеп келеді. Оның нәтижесі қандай?» – деп сұрады Президент ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдан.
Министр жыл соңына дейін жоспар бойынша 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін айтты.
«Біз бұл жоспарды орындаймыз. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 мың шаршы метрге қалып қоюымыз мүмкін, бірақ белсенді жұмыс істейтін боламыз. «Бақытты отбасына» қатысты 2 айда барлық ережені жасадық, 1 шілдеде өтінім қабылдауды бастадық және бүгін төлемдер басталды. 6 000 несие биыл беріледі», - деді Роман Скляр.
Өз кезегінде Президент барлық баспана бағдарламаларын біріктіруді ұсынды.
«Барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай түсінікті баспана саясатына шоғырландыру қажет. Биылғы қыркүйектің 1-іне дейін бұл мәселе бойынша ұсынымдар енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

15 шілде 2019 ж. 329 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области