Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл баспанаға мұқтаж 27 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

Биыл баспанаға мұқтаж 27 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

Биылғы жылы елімізде 118 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылы тұрғын үй құрылысына барлық қаржы көздерінен 1,2 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 8,1 пайызға жоғары. Мемлекеттің 1 теңгесіне жеке инвестицияның 6 теңгесі тартылды. 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 12,1 пайызға жоғары. Барлығы 113,7 мың баспана салынды. Биыл біз 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Ол 118 мың пәтер болады», - деді ол.
Министрдің дерегінше, мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 27 мыңнан астам мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз етеді.
«Биыл жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. 5 өңірде тұрғын үйлерді ел игілігіне беру қарқыны төмендеген. Олар - Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары», - деді Р.Скляр.

19 наурыз 2019 ж. 518 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области