Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 95 КРЕДИТ МАҚҰЛДАНДЫ

7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 95 КРЕДИТ МАҚҰЛДАНДЫ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд. теңге инвестиция салынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Құрылыс саласында биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Республика бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар.
«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканы одан әрі дамыту және төлем қабілеті бар халықты қолдау мақсатында «7-20-25» жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы енгізілді. Биыл тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылғыдан 28,4% жоғары. Төмен пайызды ипотека жаңа құрылыстан баспана алуға беріледі. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1,1 млрд. теңге болатын 95 ипотекалық кредит мақұлданды», - деп хабарлады министр.


22 шілде 2018 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области