Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ


    Тәуелсіздік – баға жетпес байлық, біздің көпұлтты елдің ортақ жеңісі. Тәуелсіздік – бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың, адам мүдделерін қорғаудың символының кепілі.
    Қызылорда облысы ТЖД бойынша "Қазақстан-2050" стратегиясын, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыс  жүргізілуде. Басқармалар, бөлімдер және ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына дәрістер оқылуда, олар  өз кезегінде өз ұжымдарында мұндай іс-шараларды өткізуде. "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр  жедел-құтқару жасағы" ММ қала тұрғындары үшін  "Ашық есік күнін" ұйымдастыруда. Іс-шара кезінде құтқарушылар қатысушыларға Елбасының Жолдауын насихаттау барысында  жұмыс істеу әдістері мен принциптерін көрсетті. Осындай іс-шара «Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалында да өткізілді. Қазақстан халқының тілдері күнін атап өту аясында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс ұйымдастырылды.
    Жолдауда қойылған барлық міндеттерді орындау әрбір қазақстандықтың өмірін елеулі жақсартуға мүмкіндік береді.
    Сала қызметкерлері Елбасы Жолдауының тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тармағын орындау үшін бар күш-жігерін салады. Биылғы жылы 11 кешенді оқу-жаттығу, 49 командалық-штабтық оқу-жаттығу, 14 нысандық оқу-жаттығу, 35 арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.     Сонымен қатар, ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 1438 оқу-жаттығу мен 143 сейсмологиялық жаттығу ұйымдастырылды.
    Президент халыққа Жолдауында білім мен біліктілікті көтеруге айрықша мән берген. Осы ретте департамент бойынша республикалық курстарда 24 қызметкер оқудан өтті.
    Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен  жетілдіру.  Осы мақсатта 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Қорқыт Ата мемориалды кешеніндегі этноауылда «Полиглот» республикалық байқауы өтті. Байқауға аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінде өткен іріктеу байқауында жеңімпаз болып танылған тіл шеберлері қатысты. Яғни, Астана және Алматы қалаларынан, 14 облыстан, Көкшетау техникалық институтынан  келген қатысушылар  «үш тұғырлы тіл» сайысында бақ сынасты.
    «Алаштың анасы» атанған Сыр елінде, киелі Қорқыт баба жерінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткізіліп отырған «Полиглот» республикалық байқауының басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын және одан да көп тілдерді жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау болды.
    Тұтастай алғанда, төтенше жағдайлар департаментінің қызметі ел Президентінің жүргізген мемлекеттік бағдарламаларын табысты жүзеге асыруға бағытталған.
    Айгүл НҰРМАНОВА,
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

13 желтоқсан 2017 ж. 898 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области