Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма - министрліктің жауабы

Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма - министрліктің жауабы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда латын графикасына ауысу 2020-2035 жылдарға созылады деген мәліметті мәдениет және спорт министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық мемлекеттік органдар 2024-2025 жылдардан бастап іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізетін болады.
Бұған дейін "Известия" басылымы жариялаған жаңалыққа сәйкес, Қазақстан үкіметі "латын әліпбиіне көшуді тағы он жылға созу" мәселесін қарастырып жатыр-мыс.
"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес Қазақстан үкіметі әліпбиді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ауыстыру үшін шаралар жоспарын бекітті", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов.
Латын әліпбиіне көшу шараларының жоспары үш кезеңнен тұрады. 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа әліпбидің жазу ережелерін құрастыру және мәтіндерді латын графикасына көшіріп жазатын IТ қосымашалар жасап шығару көзделген.
"Келесі кезең 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Осы аралықта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер латын графикасына көшіріледі, төлқұжат, жеке куәлік және басқа құжаттар айырбасталады", - деп атап өтті Мелдешов.
2024-2025 жылдары мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізе бастайды. Мемлекеттік БАҚ пен білім беру мекемелері де латын графикасына ауысады.
"Қазір 2020-2025 жылдарға тілдерді дамыту және қолдану туралы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат – латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін жаңғырту", - деді Мелдешов.
Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс. Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбидегі кемшіліктер жайлы қоғамның пікірі ескерілетінін айтты.

17 шілде 2019 ж. 335 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области