Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚҚА СӘУЛЕЛІ ЖОЛ БОЛМАҚ

БОЛАШАҚҚА СӘУЛЕЛІ ЖОЛ БОЛМАҚ


    Мемлекетімізде бүгінгі таңда көпдеген тындырымды істер атқарылып келеді. Соның бірі, соңғы уақыттарда республика тұрғындары тарапынан оң бағасын алған латын әліпбиіне көшу мәселесі болатын. Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғырудың басты тетіктерінің бірі екендігі баршаға айқын. Қазақ тарихы мен әдебиетін, мәдениетін әлем елдеріне таныту жолында алар үлесі зор екендігін сеніммен айта аламыз. Міне, енді Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы игі бастама өз деңгейінде орындалуы үшін барша қазақстандықтар қазірден бастап латын әліпбиін үйренуге бетбұрыс жасағандары абзал.
    Сараланып, сарапталып барып бекітіліп отырған жаңа әліпбидің қоғамдағы алар орны зор екендігін барлығымыз сезіне білуіміз керек. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу жұмыстарының жүйелі түрде атқарылуына атсалысу-біздің де борышымыз болмақ. Білім саласы жаңа әліпбиді ел болашағы жастардың санасына сіңірер басты орда болғандықтан, оқушыларды жаңа әліпбиде сауаттандыруды қолға аламыз.
    Латын әліпбиіне көшу қазақ елін шартарапқа мойындатар сәулелі жол болатынына сеніміміз мол.
    Күләйша СҮЛЕЙМЕНОВА,
    Арал қаласы

01 қараша 2017 ж. 966 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области