Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көпбалалы отбасылар тегін грант алып, бизнес бастайды

Көпбалалы отбасылар тегін грант алып, бизнес бастайды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған гранттар беріле бастайды.

Бұл игі іс 2021 жылға дейінгі аймақтық Жол картасы шеңберінде іске асады. Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша облыста көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакеті қабылданды.
Жол картасы арқылы өзінің шағын бизнесін ашуға ниетті көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 1922 грант бөлінбек.
Сонымен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары сауықтыру лагерінде, әлжуаз отбасылардан шыққан 25 мыңнан астам оқушы тегін тамақ және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі. Мұнан өзге Қызылорда қаласында 6800 бала Жол картасы аясында қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Атап өтерлігі, бүгінде аймақта 36 мыңға жуық көп балалы отбасы бар. Оның 6 мыңға жуығы аз қамтылған. Қазірде 3000-нан астам көп балалы отбасы мен жалғыз басты аналардың материалдық жағдайы зерделенуде.
18 шілде 2019 ж. 421 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области