Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада аптап ыстық ай соңына дейін сақталады

Қызылордада аптап ыстық ай соңына дейін сақталады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада шілденің шіліңгір ыстығында жедел жәрдемге жүгінушілер қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір сынап бағанасы +42 градусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша, мұндай аптап ыстық ай соңына дейін жалғасады, тіпті термометр көрсеткіші +45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп ескертуде. Оның үстіне солтүстік-шығыстан секундына 28 метр жылдамдықпен ұйытқи соққан жел де жағдайды ушықтыра түсуде. Ыстықтан қысылып, қан қысымы көтеріліп өзін жайсыз сезінген тұрғындар қатары артқан. Жалпы облыс бойынша жедел жәрдем станциясының 49, емханалардың 28 бригадасы күндіз-түні шақыруларға қызмет көрсетуде.
«Соңғы 10 күнде аптап ыстыққа байланысты шақырту саны көбейді. Бұрын шақыру саны 1200-1300 болса, қазір 1600-1700 көбейіп тұр», - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері Толқын Жұматаева.
18 шілде 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области