Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұшпара цехын ашып, кәсібін жандандырды

Тұшпара цехын ашып, кәсібін жандандырды

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы Қазалы ауданында кәсіп ашуға ниетті 225 азаматтың өтініші қабылданған. Өз ісін дөңгелетуге атсалысқан азаматтардың көбісі тұшпара цехын, наубайхана және қолөнер орталықтарын ашқан.

Тұшпара цехын ашып, ісін бастаған Бақытгүл Айнияз Қазалыда тұңғыш рет осы кәсіпке жан бітіріп отыр. Цехтың жұмысы өткен жылы бастау алған. Ол «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 500 мың теңгенің грантын жеңіп алған. Бүгінде кәсіпорын жұмысы Жанқожа ауылын түгел, яғни 1670 тұрғынның сұранысын қанағаттандырып отыр.
«Біздің цехымызда бірнеше қызметкер жұмыс атқарады. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қызметке алынған жұмысшымыз да бар. Цехта дайындалатын өнімдеріміздің сапасы жоғары. Тұшпараны қолмен түйіп, іске асырамыз. Бірақ алдағы уақытта арнайы аппарат алып, жұмысты жандандырамыз деген ойымыз бар», - дейді кәсіпкер Бақытгүл Айнияз.
Айта кету керек, бүгінде ауданда 4302 кәсікерлік нысандары тіркелген. Оның 3760-ы тұрақты іс жасауда.
19 шілде 2019 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области