Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігерлер ана мен баланы ажалдан аман алып қалды

Дәрігерлер ана мен баланы ажалдан аман алып қалды

Kyzylorda-news.kz. Шымкент қаласында алғаш рет науқастың жүрегіне ашық түрде операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аяғы ауыр әйелдің скринигтік тексеруден өтуі кезінде жүрегінен ісік табылған. 20 жастағы келіншек жүктілігін тоқтатудан бас тартыпты. Нәтижесінде дәрігерлер 2,5 сағат операция жасап, ана мен баланы ажалдан құтқарып қалды. Олар жүрек пен өкпенің қызметін тоқтату арқылы қан айналу жүйесіне жиналған іріңді алып тастады. Жүктілік мезгілі 16 аптадан асқан ананың қазіргі жағдайы жақсы. Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері Шымкенттегі кардиологиялық орталық мамандары ашық түрдегі 300-ден астам операцияны сәтті аяқтап шықты.
«Ашық түрде жасалатын операциялардың бәрінің өзінің ерекшелігі бар. Осы науқасқа да осы ерекшеліктермен жасалды. Сол жасалып жатқан операция кезінде жүрек пен өкпе тоқтап, оның орнына басқа құрал-жабдықтар қызмет атқарады. Жалпы организмнің қан қысымын, ағзада болып жатқан өзгерістердің барлығын қадағалап, бірқалыпты ұстауға мүмкіншілік жасайды. Бәрі сәтті өткен кезеңде жаңағы аппараттарды ажыратып, толық мөлшерде жүрекке өз қызметін қайтадан қосамыз», - дейді кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Ермағанбет Қуатбаев.

19 шілде 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области