Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азаматтардың борыш жүктемесін азайту: Үкіметі қаулысы шықты

Азаматтардың борыш жүктемесін азайту: Үкіметі қаулысы шықты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы:көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алатын отбасыларға, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жетім балаларға, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу үшін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына ақша қаражатын аударуды», - делінген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта.
Сондай-ақ, қаулы мәтінінде 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жататындығы айтылады.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін жеңілдету туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

19 шілде 2019 ж. 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области