Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қытайда салынып жатқан көпірге кран құлап, бес адам қаза тапты

Қытайда салынып жатқан көпірге кран құлап, бес адам қаза тапты

Kyzylorda-news.kz. Қытайдың солтүстік-батыс провинциясы Шэньсиде салынып жатқан көпірде консольдік-шлюздік кранның құлауы салдарынан бес адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш адам оқиға орнында жан тапсырған. Ауруханаға жеткізілген тоғыз адамның екеуі алған жарақаттардың салдарынан көз жұмды. Тергеу жүргізілуде.
Оқиға бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 14.25-те орын алған. Әзірге белгісіз себептермен көпірдің үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде аяқ астынан кран құлап түскен. Жұмыстар Ханьчжун қалалық округінің жылдамдықпен жүретін автомагистралін кеңейту және қайта құру жөніндегі жоба аясында жүргізіліп жатқан еді.

21 шілде 2019 ж. 385 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области