Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 22 шілде: Ел ішіндегі оқиғалар

22 шілде: Ел ішіндегі оқиғалар


1822 жылы
Ресей империясының «Сібір қазақтары туралы» жарлығы шықты.

1954 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Амангелді ауылдық кеңесі құрылды.

1992 жылы Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1995 жылы Қарақалпақ Республикасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы кеңінен аталып өтті.

1999 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы авиациясын дамытудағы ерекше үлесі үшін» сыйлығы тапсырылды.

2009 жылы Екібастұзда қуаты айына 300 тонна шикізат дайындап, құрым тері жартылай фабрикатын шығаратын зауыт іске қосылды. Зауытқа заманауи итальяндық жабдықтар орнатылған. Өнімдер Италия, Испания, Қытай, Үндістан нарықтарына шығарылады.

2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойды.

2012 жылы Бокстан ҚР Ұлттық олимпиада құрамасы Лондонға ұшты.

2013 жылы «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арнап, оның эксклюзивті таңдамалы шығармалар жинағын шығарды. Оның шығармалары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да шетел тілдеріне аударылды.

2014 жылы Нұр-Сұлтанда ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық жиналысы өтті.

2014 жылы Қазақстанның 8 нысаны - Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енгізілді.

2015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілді.
22 шілде 2019 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области