Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 6 ай ішінде 262 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды

Қызылордада 6 ай ішінде 262 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев өңірдегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен мекемелер мен кәсіпорындарда есепті мерзімде 214 тексерулер жүргізіліп (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінде – 143, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 71), қорытындысымен 262 заң бұзушылық анықталды», - деді Ертілеу Жалғасбаев.
Басқарма басшысының айтуынша, еңбек саласындағы заң бұзушылықтардың 163 (62%) жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, 99 (38%) мемлекеттік мекемелерде орын алған. Оларды жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде 139 Нұсқама беріліп (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне – 99, мемлекеттік мекемелерде – 40), оның 129 (93 %) орындалған, қалғандары орындалу сатысында.
22 шілде 2019 ж. 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области