Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

Қазалыда әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау және оны тағайындауға байланысты аудан тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындармен кездесуге жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы мен бірқатар мекемелердің қызметкерлері келді.
«Бүгінгі таңда мен жұмыстағы апаның үйінде уақытша тіркеуде тұрмын. Бірақ, үй иесі менің пәтерден шұғыл түрде тіркеуден шығуымды талап етіп отыр. Осыған орай мен тіркеудегі орнымды ауыстырған жағдайда атаулы әлеуметтік көмекті алуыма кедергі келмей ма?», - деген сауалын жолдады кент тұрғыны Лаура Нұрғалиева.
Бұл мәселеге орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Ғазиза Тынымбаева жауап берді.
«Сіздің пәтер ауыстырғаныңыз атаулы әлеуметтік көмекті алуға ешқандай кедергі келтірмейді. Тек 10 жұмыс күні ішінде басқа пәтерге тұрғандығыңызды бізге хабарлауыңыз қажет», – деді сала маманы.
Басқосуға қатысқан кейбір тұрғындардың мәселесі зерттеп, зерделеуді қажет етеді. Оларды аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұратбек Бекмамбетов өз жұмыс орнында қабылдап, белгіленген заң аясында нақты жауап беретінін жеткізді.
Кездесуде Әйтеке би кенті әкімдігі жанынан құрылған аз қамтамасыз етілген отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп, қорытынды беретін комиссия төрағасы Тәуіржан Құлмұратов атаулы әлеуметтік көмекті алуға құжат тапсырғандар арасында заңсыздық жол берген тұрғындар да бар екендігін тілге тиек етті.
«Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қулық-сұмдыққа барып жатқандар кездесуде. Мәселен ата-анасын құжат бойынша тіркеуден шығарып жіберген. Алайда тексеру барысында олар балаларымен бірге тұратындығы анықталған. Осындай жайттар орын алып жатқандығы өкінішті. «Алмақтың да салмағы бар» демекші бұның да сұрауы болады», – деді комиссия төрағасы Тәуіржан Құлмұратов.
Басқосуда құжат қабылдау барысында кемшіліктерге жол берген халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне ескерту берілгендігі және алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер қайталанбайтындығы айтылды.
23 шілде 2019 ж. 391 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области