Енді зейнетақы төлемі басқаша есептелетін болады
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда келесі жылдан бастап зейнетақы төлемдерін есептеу ережелері өзгермек. Жұмыс берушілер тиісті 10 пайыздан бөлек, БЖЗҚ-ға қызметкерлердің жалақысынан тағы бес пайыз аударатын болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегай хабарлады.
Аталған бес пайызды жұмыс беруші өз қаржысынан төлейді.
Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары қосымша төлемдер жинақтау қорына аударылатын айлық төлемдерді 35 млрд теңгеге дейін көтеру мүмкінгі бар екенін айтып отыр.
Айта кету керек, бұл өзгерістерді реттейтін заң осыдан төрт жыл бұрын қабылданып қойған. Бастапқыда оны іске асыруды 2018 жылдан бастауға жоспарлап, кейіннен екі жылға шегерілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегай қосымша төлемдер 1980 жылдан кейін туғандар кірмейтін зейнетақы бөлігін өтеуге бағытталғанын айтады.
– Өмір соңына дейінгі төлемдерді қамтамасыз ету үшін зейнетақыны жинақтау жүйесі қазіргі модернизация концепциясына сай, оны қосымша шартты-жинақтау компоненттерімен толықтыру шешімі қабылданды, - деді Виктория Шегай.
Осылайша, енді келесі жылдан бастап елімізде зейнетақы төлемдері жаңаша есептелетін болады.