Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда экология мәселесімен балалар айналысып жатыр (ФОТО)

Аралда экология мәселесімен балалар айналысып жатыр (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Eco-Álеm» республикалық жазғы экологиялық лагері өтуде.

Эколагерді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева салтанатты түрде ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мен Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, экологиялық лагерге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса балалар мен жасөспірімдер қатысуда. Ортақ ой бөлісуге жиналған оқушылар Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады.
Лагерь аясында жасұландық оқушылар Арал теңізіне, «Байқоңыр» ғарыш айлағына экскурсия жасап, плогинг, түрлі экологиялық ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Ал, 5 күн бойы қатысушылар қоқысты сұрыптауға бейімделіп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізбек.


26 шілде 2019 ж. 416 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области