Балалардың жазғы маусымының ашылуының І облыстық фестивалі өтті
Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында облыс бойынша балалардың жазғы тынығу маусымы салтанатты түрде ашылды.
Шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» бөлім жетекшісі Бақыт Әлібаева, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, облыстағы балаларды сауықтыру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар білім беру орталығында «Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыруын, бос уақытын және демалысын ұйымдастыру» бойынша облыстық семинар өтті.
Оған Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев, облыстық қоғамдық денсауылқ сақтау департаментінің балалар және білім беру нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлім басшысы Алма Шуақбаева, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев қатысып, жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігін алдын алу бойынша лагерь басшыларына, тәлімгерлері мен әдіскерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, облыс бойынша 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагері жұмыс істейді. Аталған лагерьлерде биылғы жылы 10 мыңға жуық бала демалыспен қамтылуы жоспарланған.