Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

АУЫЛ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» акциясына келген азаматтар Өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында брифинг өткізді.
    Брифингте еліміздің әр түкпірінде жүрген Сыр азаматтары аймақтың өокендеп келе жатқанын айтып, ел дамуындағы ортақ іске өздерінің де қосар үлес аз болмайтынын жеткізді.
    – Бұрын шетелдің кереметіне тамсана қарайтын едік. Әсіресе, құм үстіне жұмақ орнатқан Араб елдерінің дамуына қызығатынбыз. Табиғаты соған ұқсас, Қарақұмы да, Қызылқұмы да бар біздің Қызылорданың осындай өркениетке жеткенін көре алмаймыз ба деген қауіп те болатын. Армандар орындалады екен, сондай игілікке бүгін қолымыз жетті. Ауыл түтіні түзу ұшып келеді, жол азабы азайды.
    Ауыл - қасиетті мекен. Салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған, жөн-жоралғы жойылмаған, рухани жаңғырудың нағыз бастауы. Талай ұлыларды тербетіп өсірген Сыр ауылдары көркейіп келеді.  Тіпті, Қызылорданың кей ауылдарынан қалада жоқ жаңалықты байқаймыз, – деді республикалық «Қазақстан-Заман» газетінің бас редкаторы, ҚР Мәдениет қайраткері Ертай Айғалиев.

14 желтоқсан 2017 ж. 662 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области