Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Департамент басшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Департамент басшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов пен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау қалалық сәулет және қалақұрылысы, құрылыс, жер қатынастары, ауылшаруашылығы және ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері орналасқан ғимараттың кіреберіс фойесінде ұйымдастырылып, сала басшылары мен жауапты мамандары да қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында А.Мұхимов пен Е.Бердібаевқа тұрғындар өтініштерін айтып, сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қабылдауда 13 азамат болды. Олардың 6-ы жер мәселесіне, 5-і тұрғын үй мәселесіне және 2-і ауылшаруашылығына қатысты өтініштерін білдірді. Бірқатар азаматтарға қабылдау барысында заңға сәйкес түсіндірме берілсе, бірқатарының мәселелері бойынша заңға шешім қабылданатыны жеткізілді.
30 шілде 2019 ж. 466 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области