Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жолсеріктердің резонансты қылмысы жүйедегі проблеманы сыртқа шығарды – Мұрат Әбенов

Жолсеріктердің резонансты қылмысы жүйедегі проблеманы сыртқа шығарды – Мұрат Әбенов

Kyzylorda-news.kz. Теміржол саласындағы проблема билет тапшылығымен шектелмейді. Қоғам қайраткері, арнайы мониторинг тобының мүшесі Мұрат Әбенов автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған кеңесте осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұрат Әбенов ел арасында жол сапасы мен «Сергек» жүйесінің жұмысына қатысты көптеген шағым бар екенін айта келе, теміржол саласында қордаланған мәселелерге тоқталды.
«Билет тапшылығымен теміржол саласындағы проблемалар шектелмейді. Жолсеріктердің адам зорлау бойынша сотталуы салада жүйелі проблемалар бар екенін көрсетіп отыр. Кешегі резонансты оқиғадан кейін бұрын да ондай қылмыстар ашылмай қалған шығар деген күдік туады. Бұл оқиға жолсерік жұмыс орнында ішімдік ішіп, кімді қай жерге отырғызғысы келсе өзі біледі деген ой қалыптастырады», - деді Мұрат Әбенов.
Сонымен қатар қоғам белсендісі билет саудасына қатысты алыпсатарлықтың алдын алуда көрші елдердің қандай шараларға барғанын мысалға келтірді.
«Мысалы Өзбекстанда перронға билеті бар жолаушыдан басқа адамдарды өткізбейді. Осы сияқты қарапайым тәсілдерді бізге қолдану керек. Билет саудасын бақылау жолаушылардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты», - деді ол.
Сондай-ақ, Мұрат Әбенов билетті алып сатумен айналысатын адамдарды құқық қорғау органдарының нақты жауапқа тарта алмай отырғанын сынға алды.
«Прокуратура өкілдерінің билет алып сатқыштарды жолаушылардың мазасын алғаны үшін ғана жауапқа тарта алатыны мені таңғалдырды. Прокуратура бұлай қауқарсыздық танытса, қалған органдар туралы айтудың өзі артық шығар. Барлығының айтатыны бір уәж – билетті сатып алушының заң бұзғанын дәлелдеу мүмкін емес. Президенттің өзі бұл мәселені қатаң тапсырып отыр. Сондықтан заңнамалық негізде мәселенің түйінін табу қажет», - деді қоғам қайраткері.

31 шілде 2019 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области