Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қолдан жасалған 5 мың теңге тарап кетті: жалған ақшаны қалай ажыратамыз?

Қолдан жасалған 5 мың теңге тарап кетті: жалған ақшаны қалай ажыратамыз?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Ұлттық банкі 2011 жылы шыққан номиналы 5000 теңге ақшаның қолдан жасалуы жиілеп кеткенін айтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Жалған ақша қандай болады?
Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі - ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін.
Жалған банкноттардың бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутаңба бар. Сонымен бірге аңыздағы самұрық құсы бейнесіндегі сутаңбаға ұқсатып жасауға тырысқан.
Жалған банкноттарда қорғаныш элементтер кездеседі: сутаңба, үзік жіп, жасырын және қабаттасқан суреттер, барыс қанаты бейнесіндегі "СПАРТ" қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және тағы басқалары.
Ультракүлгін жарықпен қарағанда, қолдан жасалған банкнот көгілдір түске енбейді. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтары қолдан боялған әрі жалған 5000 теңгелік ақшаның түсі көмескілеу келеді.

Жалған ақшаны қалай ажыратамыз?
Ұлттық Банк түпнұсқаны жалған ақшадан ажыратуға көмектесетін бірнеше ережені ұсынады:
1. Алдымен банкнотты ұстап, сипап көру керек. Ол ерекше сықырлайды.
Түпнұсқада арнайы бедерлі мөр бар. Бұл бедерді "Қазақ елі" монументі, банкнот номиналының әріппен жазылуы, сәулет өнері туындылары, Қазақстан картасы және "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар жерде байқауға болады.
Банкноттардың бәрінде саусақпен сипағанда білінетін, зағип жандарға арналған бедерлі элементтер бар.
2. Содан соң банкнотқа мұқият қарау қажет. Түпнұсқаның бояуы қанық болуы тиіс. Сутаңба және санмен жазылған номиналды көру үшін банкнотқа жарық түсіріп қарау керек.
Тұтас магнитті үзік жіпке де назар аударған жөн. Сырт көзге үзік-үзік сызық болып көрінетін бұл элементке жарық түсіргенде, бір тұтас екені әрі бетіндегі жазулары анық байқалады.
3. Банкнотты қисайтып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі құбылып тұратын суреттер салынған. Банкнотты қисайтып қарағанда, суреттер жасыл түстен алтын түске енеді.
Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың бір жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсерін де байқайсыз.

31 шілде 2019 ж. 538 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области