Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауыл әкімдері әйнектелген қызметтік бөлмелерге көшуде

Қызылордада ауыл әкімдері әйнектелген қызметтік бөлмелерге көшуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекеттік органдардың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілердің алдын алу мақсатында «Open space» жұмыс форматын тәжірибеге енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, облыс бойынша барлығы 21 мемлекеттік орган мен ұйымдар осындай форматқа көшіп, әйнектелген ашық алаңда жұмысын жасауда.
Осы кезге дейін «Open space» форматы Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің әкімдігіне тәжірибеге енгізген болса, ауылдық округтер арасында бірінші болып Ақсуат ауылдық округінің әкімдігі ашық алаң форматына көшіп, өз жұмысын бастады.
«Openspace – қызметкерлердің жұмыс орындарын бір ашық алаңда ұйымдастыру. Жұмыс бөлмелері әйнектелген шыны қабырғалардан жасалады. Бұл жұмыс форматы ұжымның ұйымшылдығына, қызметкерлердің коммуникабельдік қасиеттеріне және басшының көптеген жұмыс сәттеріне қатысуына оң ықпал етеді. Уақыт өткен сайын басшыларға қойылатын талаптар мен міндеттер артып отыр. Басшылардың күнделікті жұмысына қоғамдық бақылау күшеюде. Сондықтан жан-жақты алып қарайтын болсақ, мемлекеттік органдар үшін бұл өте тиімді жұмыс жасау форматы. Бұл бір жағынан жергілікті әкімдіктердің ашықтықты мен жариялығын білдірсе, екінші жағынан әкімдікке келген азаматтар үшін өте қолайлы деп есептейміз», - дейді «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.
01 тамыз 2019 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области