Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелідегі мемлекеттік мекемелерге «Open space» технологиясы енгізілді

Шиелідегі мемлекеттік мекемелерге «Open space» технологиясы енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған «OPEN SPACE» технологиясымен жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер ашылды. Яғни мұндағы жұмыскерлер ашық кеңістікте еңбек ететін болады. Дәлірек айтқанда, бұрын мемлекеттік қызметкерлер жабық кабинетте отырса, енді арадағы жұмыс орындарын бір ғана шыны бөліп тұрады.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен азаматтарға қызмет көрсетуші 6 салалық мемлекеттік мекеме басшылары ашық форматта жұмыс жасауға көшті.
- «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ендігі уақытта жоғарыда көрсетілген 6 бөлімнің басшылары ғимараттың бірінші қабатында орналасқан арнайы «OPEN SPACE» технологиясымен кабинетте жеке және заңды тұлғаларға қабылдаулар өткізетін болады.
08 мамыр 2019 ж. 553 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области