Мемлекеттік қызметші әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті
«8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектер арасында волейболдан облыстық біріншілік өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектерінен құралған 8 команда қатысып, бақтарын сынады.
Тартысты өткен турнирде жүлделі І-орынды Шиелі ауданы әкімдігінің командасы иеленсе, ІІ-орынды Жаңақорған, ІІІ-орынды Сырдария ауданы әкімдігінің командалары қанжығаларына байлады.