Аралда волейболдан қыздар арасындағы республикалық турнир өтті
Аралда «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында республикалық турнир өтті, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар анықталды.
Турнирдің марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, жеңімпаз командаларға аудан әкімінің мадақтамасын, арнайы медальдар мен жүлделерін табыс етті.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Алматы қаласынан келген Қазақ спорт және туризм академиясының командасы жеңіп алды. II орынды Сырдария ауданының командасы иеленсе, III орынға Арал ауданының командасы ие болды.
«Үздік шабуылшы» номинациясымен Қазақ спорт және туризм академиясының ойыншысы Наргиз Ортанова, «Үздік байланыстырушы» номинациясымен Арал ауданы командасының ойыншысы Мөлдір Сағындықова, «Үздік либеро» номинациясымен Сырдария ауданы командасының ойыншысы Диляра Орынбасарова, «Пайдалы ойыншы» номинациясымен Мұғалжар ауданы командасының ойыншысы Диана Хабибулла марапатталды.