АСҚАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Белгілі оқушы-спортшы, жерлесіміз Асқат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир қорытындыланды. Төрт күнге жоспарланған турнирдің қорытындылау рәсіміне Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қатысты.
Биыл ауданымызда XVII-мәрте өткізілген турнирге еліміздің 5 облысынан жалпы саны 16 команда қатысып, үздік үш команда жүлделі орынды өзара бөлісті.
Сайыс қорытындысына сәйкес І-орынды Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының командасы жеңіп алды, ІІ-орын Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының командасына бұйырды. Ал, Арал ауданының командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіреді. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыс аясында бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.