Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 3 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

3 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар


1904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды. Бұл магистраль 1905-1906 жылдары қолданысқа беріліп, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Орталық Азияны байланыстырды. Теміржол бойында қалалар мен өндіріс орталықтары пайда болды. Мысалы: Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда, Арал және т.б. қалалардың дамуына ықпал етті.

2001 жылы Қазақстанда Түркия әскери күштері бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.

2010 жылы «Арал вагон» ЖШС қазақстандық-ресейлік кәсіпорны 72 тоннаға есептелген ауыр жүк таситын 8 вагон контейнерін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-на тапсырды.

2014 жылы Қазақстан аумағынан «Жібек жолы бойымен мыңдаған шақырым» экспедициясы өтті. Шара аясында Қазақстан жайында бірнеше репортаждар жасалып, ҚХР-дың орталық телеарналарында күн сайынғы тікелей эфир ұйымдастырылды. Алғашқы шаралар 2014 жылғы 19 шілдеде Сиань қаласында өтті. Әрі қарай экспедиция мүшелері Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия елдеріне қарай аттанды. Соңғы нүкте Рим қаласы болды.

2016 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан климат бойынша Париж келісіміне қол қойды.
Париж келісімі - БҰҰ негіздемелік конвенциясы аясындағы 2020 жылдан бастап атмосферадағы көмір қышқыл газдарын төмендету шараларын реттейтін ауа райы өзгерістері жайлы келісім.
03 тамыз 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области