Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін монша бар

Жалағашта мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін монша бар

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында кәсіпкерлердің арқасында халыққа қызмет көрсететін түрлі орталықтар ашылуда.

Атап айтар болсақ, жергілікті тұрғындарға тиімді бағада қызмет ұсынатын кәсіпкер Манарбек Қожахметов массаж салонын ашқан. Ол "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 1 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды. Кәсіпкер аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға монша қызметін тегін ұсынады.
Манарбек Қожахметов Нұр-Сұлтан қаласында арнайы оқу оқып, қазіргі таңда жары екеуі бірге жұмыс істейді.
«Массаж салонымызға күніне 15-20 шақты адам келеді. Бір қызмет құны 1000 теңге. Алдағы уақытта кәсіпкер өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырмын», - дейді кәсіпкер.
Ауданда халыққа тұрақты түрде қызмет ұсынатын қоғамдық монша ашқан Меруерт Ертұрғанова өз ісіне мемлекеттік бағдарлама арқылы қолдау тапқан. «Кәсіпкер» ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 10 млн теңге қаржы алған. Орталық монша 50 адамға арналған. Жеке кәсіпкер келер жылы 12 кабина ашып, қызметкерлерді көбейтуді мақсат етті.

02 тамыз 2019 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области